Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2 615

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: АқордаМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Ибрахим Раиси мен ирандықтарды төл мерекесі – Ислам революциясы күнімен құттықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Бүгінде Иран саяси тұғыры берік, экономикасы тұрақты дамыған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Ұлт бірлігі мен ынтымағын ту еткен мемлекетіңіз Сіздің басшылығыңызбен алдағы уақытта да игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін. Иран – біздің Каспий аймағындағы маңызды серіктесіміздің бірі. Осыған орай дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогқа негізделген ықпалдастығымыз өзара тиімді сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығымызды нығайтуға берік арқау бола беретініне кәміл сенемін", – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раисидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Иран халқына құт-береке тіледі.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.