Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға сапарын кейінге шегерді

2 187

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: АқордаПрезиденттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Италия премьер-министрі Джорджа Мелонидің Қазақстанға сапары және "Орталық Азия – Италия" бірінші саммиті кейінге қалдырылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Баспасөз хатшысының айтуынша, Италия тарапының өтініші бойынша сапар мен саммиттің жаңа мерзімдері келісіліп жатыр.

"Италия тарапынан келіп түскен өтінішке сәйкес Италия премьер-министрі Джорджа Мелонидің Қазақстанға жоспарланған сапары және "Орталық Азия – Италия" саммиті Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты ұйымдастырылатын қаралы шараларға қатысуына орай кейінге шегерілді. Жаңа мерзімдері туралы қосымша хабарланады", – деді Руслан Желдібай.

Бұған дейін Ақорда Джорджа Мелонидің Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 сәуір күндері Қазақстанға ресми сапармен келетінін хабарлаған болатын. Кездесу барысында тараптар қазақ-итальян стратегиялық әріптестігін дамытудың келешегін талқылауды жоспарлаған.

"Орталық Азия – Италия" алғашқы саммиті 27 сәуірде өтеді деп жоспарланған еді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.