Қазақстан Президенті Израильдің Катарға жасаған шабуылын халықаралық құқыққа қайшы деп атады

1 636

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: theguardianБұл оқиға Израильдің Қатардағы алғашқы әскери әрекеті болып табылады. Шабуыл барысында бірнеше жарылыс дыбыстары естіліп, қара түтін көтерілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қатар билігі бұл әрекетті халықаралық құқықты бұзу және ел егемендігін аяққа таптау деп айыптады.

Қатар Сыртқы істер министрлігінің өкілі Маджид әл-Ансаридің айтуынша, Израильдің бұл әрекеті Қатар халқы мен елде тұрып жатқан азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді.

Қатар бұл әрекетті "қорқақтық әрекет" деп атап, елдің қауіпсіздігі мен егемендігін қорғауға дайын екендігін хабарлады.

Израиль тарапы нысана ретінде 2023 жылғы 7 қазанда Израильге жасалған шабуылды ұйымдастырған жетекшілер көзделгенін атап өтті. Әскерилер бейбіт тұрғындарға залалды азайту үшін жоғары дәлдікті қару қолданғанын мәлімдеді.

ХАМАС өкілдері шабуыл кезінде ешкімнің қаза таппағанын айтады.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Израильдің Дохадағы шабуылын айыптап, оны Қатардың егемендігін бұзу және халықаралық құқыққа қайшы әрекет деп бағалады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дохадағы акцияны айыптап, қандай мақсатты көздесе де, мұндай әрекетке жол беруге болмайтынын жеткізді.

"Бұл Қатар мемлекетінің егемендік құқығын бұзады және халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келеді", – деп жазылған хабарламада.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.