«Ешқайсысына араша түспеймін»: министр Ақтау ауруханасындағы жанжал жайлы пікір білдірді

2 504

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Tizgin.kzДенсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ақтаудағы баланың әкесі мен хирургтың арасындағы жанжал жөнінде пікір білдірді, - деп Opennews.kz  ақпарат агенттігі  Tizgin.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтаудағы баланың әкесі мен хирургтың жанжалы үлкен резонанс туғызған еді. Жұрттың көп біраз баланың әкесін жақтап жазған.

«Әлбетте, қол жұмсау – қылмыс. Сіз де министр ретінде дәрігерді жақтауыңыз мүмкін. Бірақ бұл хирургты айтпағанда ақ халаттының бәрі ақ періште тағы айта алмаймыз ғой. Дәрігермен жанжалдасқан кез келген адам 12 жылға сотталып кетуім мүмкін деп қорқып жүрсе, күні ертең мұның арты  қалай болады?» – деп сұрады Tizgin.kz тілшісі министрден.

Бұл сұраққа министр әуелі қарымта сұрақпен жауап берді. «Қызметін атқарып жатқан азаматты біреу келіп, ұрып-соғып жатса, соны өзіңіз дұрыс көресіз бе?» деп сұрады. Журналист «баланың әкесінің айтуынша, сол жағдайға дәрігердің өзі жеткізген деп отыр. Жалпы мұндай жағдайларда дәрігердің өз жұмысына салғырт қарауы белең алып, жауапкершілігі төмендеп кетпей ме?» деп сұрады.

«Қылмыстық іс қозғалды. Жауапты органдар өзінің жауабын бере жатар. Бұл жерде президенттің тікелей тапсырмасы аясында биыл жауапкершілікті күшейтуге байланысты заңға қол қойылды. Бүгінгі таңда сәуірден бастап бұл норма күшіне енді. 50-ге жуық қылмыстық істер қозғалып отыр. Сондықтан, бұл жерде біздің негізгі жұмысымыз халыққа сапалы қызмет көрсету. Ал ата-ананың бұл жағдайға неге барғанын қылмыстық іс кезінде тағы өздері дәлелдеп шығар», – деді ол.

Егер дәрігер сондай жағдайға ата-ананы жеткізіп жатса қандай да бір нормаларға өзгеріс енгізу керек деп санамайсыз ба? Министрге осындай да сұрақ қойылған.

«Дәрігер мұндай жағдайға жеткізді деген әзірге дәлел жоқ. Қылмыстық іс барысында дәлелденіп жатса, сонда тағы көрерміз», – деді министр.

Министр сонымен қатар еш тарапты жақтамайтынын айтты.

«Ешқайсысына араша түспеймін. Заң бар», – деді ол.

Дәрігер мен баланың әкесі не дейді

Еске салайық, жанжал Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде болған. Баланың әкесі хирург Қанат Измаиловқа тап беріп, оның мойнынан ұстаған. Оқиға бейнежазбаға түсіп қалған.

Хирургтің өзі медициналық көмекті тиісті деңгейде көрсетпеді деген айыптауларды жоққа шығарды. Оның айтуынша, ол баланы шамамен 15 минут қарап, қажетті тексерулерді тағайындаған және науқасты келесі кезекші ауысымға тапсырған. Измаилов тексеру кезінде «аппендицит» диагнозын қоюға негіз болмағанын атап өтті. Аурухана өкілдері де баланы стационарға жатқызуға медициналық көрсетілім болмағанын, ал дәрігер қажетті медициналық шараларды орындағанын мәлімдеді.

Ал баланың әкесі оқиғаның басқа нұсқасын айтты. Оның сөзінше, ұлы Жамбылды дене қызуы 39 градусқа жуықтап, аппендицитке күдік туындаған соң ауруханаға алып келген. Ер адам медицина қызметкерлерінің әрекетіне және балаға медициналық көмек көрсету жағдайына наразылық білдірген.

Оқиғадан кейін полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.