Мемлекет басшысы Албания Президентімен келіссөз жүргізді

462

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Албания Президенті Байрам Бегайды қарсы алу  рәсімі өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Екі ел басшыларына Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң, Қазақстан мен Албанияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Байрам Бегай бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.



Содан кейін Қазақстан мен Албания президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев шақыруын қабыл алып, Қазақстан астанасына келгені үшін Албания Президентіне алғыс айтты.


"Бұл – тарихта Албания Президентінің Қазақстанға жасаған алғашқы сапары. Сіздің ресми сапарыңыз өзара ынтымақтастықты дамыту тұрғысынан өте маңызды. Қазақстан Сіздің еліңізбен тығыз қарым-қатынас  жасауға ниетті. Біз екі тараптың мүддесіне сай келетін көптеген салада өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік мол деп санаймыз. Екі аптадан соң елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл  толады. Сіздің сапарыңыздың осы айтулы датамен тұспа-тұс келуінің символдық  мәні бар", – деді Президент.


Өз кезегінде Албания Президенті Байрам Бегай Астанаға шақырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді.


"Қазақстанға сапармен келгенім үшін өте қуаныштымын. Арнайы шақырғаныңыз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін. Өзіңіз айтқандай, бұл сапар дипломатиялық байланыстарымыздың 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл біздің саяси қарым-қатынасымыздың жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Енді экономикалық ынтымақтастығымызды одан әрі нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер тауып, бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Сізді Албанияға сапармен келуге шақырамын", – деді Байрам Бегай.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.