Қазақстанда жаңа заң қабылданды

2 541

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Pixabay.comМәжіліс депутаттары Сенаттың “Жасанды интеллект туралы” заң жобасына енгізген түзетулерін мақұлдады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Бұған дейін Мәжіліс “Жасанды интеллект туралы”, сондай-ақ цифрландыру және әкімшілік құқық бұзушылықтар мәселелері бойынша үш заң жобасын қабылдап, оларды Сенатқа жіберген еді.

Сенат қарау барысында он алты түзету енгізді. Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваның айтуынша, түзетулер құқық қолдану тәжірибесіне өзгеріс әкелмейді және заңның сапасын төмендетпейді.

Айта кетсек, Сенатта бұған дейін аталған заң жобасы қаралып, жасанды интеллект саласындағы кейбір құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу ұсынылған болатын.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.