Тоқаев Өзбекстан президентінің атына жеделхат жолдады

336

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентінің атына жеделхат жолдады деп хабарлайды Ақорда.  

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзінің және барша қазақстандықтардың атынан Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті және өзбек халқын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.

"Бауырлас Өзбекстан бұл айтулы күнге ұлттық біртұтастығымен, экономикалық дамуының жоғары қарқынымен және әлемдік қоғамдастықта лайықты беделімен қуатты әрі өркендеген мемлекет ретінде жетіп отыр. Өзбек халқы Сіздің жасампаздық саясатыңыз бен табысты жүзеге асып жатқан ауқымды реформаларыңызды қолдай отырып, тұрақты даму жолын жалғастыра беретініне сенімдімін", – деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы тарихы терең стратегиялық  ынтымақтастыққа жоғары баға берді.

"Сізбен бірлесіп атқарып жатқан жұмысымыз екіжақты деңгейде де, аймақтық және халықаралық ынтымақтастық аясында да Қазақстан мен Өзбекстанның өзара іс-қимылындағы зор әлеуетті толық іске асыру үшін қызмет ететініне сенімдімін", – делінген жеделхатта.

 Қасым-Жомарт Тоқаев  Шавкат Мирзиёевке жауапты мемлекеттік қызметте табыс, бауырлас Өзбекстан халқына өркендеу мен өрлеу тіледі.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.