1 шілдеден бастап Жаңа Конституция күшіне енеді

2 525

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Ақорда1 шілдеден бастап елде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған жаңа Конституция қолданысқа енгізіледі,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл өзгеріс мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды саяси реформа саналады.

Жаңа Ата Заңның басты ерекшеліктері мен өзгерістері: Жаңа жүйеде алғаш рет Вице-Президент лауазымы болады. Елімізде екі палаталы Парламенттің орнына бір палаталы заң шығарушы орган – Құрылтай жұмыс істейтін болады. Оның депутаттары партиялық тізімдер негізінде сайланады. Сондай-ақ мемлекеттік басқару құрылымында Вице-Президент лауазымы енгізіледі. 

Заңнамалық бастамалар көтеріп, қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлейтін Қазақстан Халық кеңесі құрылады.

Аталған орган ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал етпек. Конституциялық өзгерістер аясында адвокатура мен омбудсмен институттарының мәртебесі күшейтіліп, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері жетілдіріледі.

Жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, әлеуметтік кепілдіктерді кеңейтуге және мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Конституция күні енді жыл сайын 15 наурызда ұлттық мереке ретінде атап өтіледі.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.