Дональд Трамп Қазақстан президентіне Ақ үйдің символикалық кілтін сыйлады

2 549

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: АқордаҚазақстан Республикасының АҚШ-тағы Төтенше және өкілетті елшісі Мағжан Ілиясов 2025 жылдың 16 желтоқсанында Президент Дональд Трампқа сенім грамотасын тапсырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың 2025 жылдың 23 желтоқсанында таратқан ақпаратына сүйенсек, рәсімнен кейін тараптар қысқаша әңгімелесті.

Кездесу барысында АҚШ Президенті биыл қараша айында Ақ үйде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткен кездесуден алған әсерімен бөлісті.

Дональд Трамп Мемлекет басшысына жылы лебізін білдіріп, оны "халықаралық үдерістерді терең білетін, жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері, тамаша тұлға" деп сипаттады.

Сондай-ақ АҚШ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сый-сияпат жолдады. Олардың қатарында Ақ үйдің символикалық кілті мен Дональд Трамптың жеке қолтаңбасы қойылған бейсболка бар.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.