Мемлекеттік қызметке үміткерлерді алдын-ала дайындау институты енгізіледі

2 508

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ©freepik.comСекторда жаңа қызмет түрлері пайда болмақ, бұл жөнінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Евгений Больгерт Сенаттың жалпы отырысында мәлімдеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

Басты бағыт – мемлекеттік қызметтегі ашықтық пен кәсібилікті арттыру. Үміткерлерді алдын-ала дайындау институты енгізіледі. Ол байқаудан өтпей, жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Іріктеу «Е-қызмет» жүйесі арқылы жүргізіледі. Сонымен бірге, кадр қызметінің стратегиялық жоспарлау тұрғысындағы рөлі күшейтіліп жатыр. Бұдан бөлек, заңнаманы сақтау және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық қызметтер құрылып жатыр, – деді ол.

Депутаттың сөзінше, тәлімгерлік институты нығайтылмақ. Мақұлданған заңда зейнет жасына жеткен тұлғалардың қызмет ету мүмкіндігін ұзарту қарастырылған. Бұл аға буынның кейінгі толқынмен тәжірибесін бөлісуіне мүмкіндік бермек.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.