Тоқаев Ұлыбритания премьер-министріне көңіл айтты

381

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсонға анасы Шарлотта Джонсон Уоллдың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Жоғары Мәртебелі Сізге және отбасыңызға орны толмас қайғыға байланысты көңіл айтамын.

Миссис Джонсон Уолл аса көрнекті тұлға болатын. Ол өзінің тамаша туындыларымен Біріккен Патшалықта және одан тыс жерлерде заманауи өнердің дамуына, ілгерілеуіне елеулі үлес қосты. Аяулы анаңыз жайлы жақсы естеліктер оны білетін адамдардың жүректерінде және жадыларында сақталатынына сенімдімін", – делінген жеделхатта.  
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.