Қоғамдық палата не үшін қажет? Жаңа құрылымның міндеті түсіндірілді

2 511

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИҚұрылтай депутаты Айдос Сарым брифинг барысында Қоғамдық палата мен Қазақстан Халық Кеңесінің функциялары несімен ерекшеленетінін және олардың жұмысы не себепті қайталанбайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Журналистер Қоғамдық палата Қазақстан Халық Кеңесінің функцияларын қайталамай ма деген сұрақ қойды. Себебі екі органның да заңнамалық бастамаларды талқылауға сарапшылар мен қоғам белсенділерінің қатысуын көздейтіні айтылды.

"Мен сізбен келіспеймін. Неліктен екенін білесіз бе? Біріншіден, Қоғамдық кеңестің өз өкілеттіктері, міндеттері бар және олар заңда, Конституцияда нақты жазылған. Қазақстан Халық Кеңесінің де өз регламенті болады деп ойлаймын. Дегенмен Халық Кеңесінің функциясы ауқымдырақ. Олар өте күрделі мәселелерді көтере алады. Оның үстіне олардың ұсынымдары анағұрлым іргелі сипатқа ие", – деді спикер.

Оның айтуынша, Құрылтай жанындағы Қоғамдық палата заң жобаларын жетілдіру, сондай-ақ Құрылтай депутаттары қабылдаған заңдардың іске асырылуы бойынша кері байланысты жолға қою мақсатында құрылады.

"Түсінесіз бе, бұл сәл өзгеше нәрсе. Бұл – Құрылтай үшін жұмыс сапасын арттыруға мүмкіндік беретін қолданбалы институт. Кейбір сарапшылардың екі органның жұмысына да қатар қатысуы мүмкін екенін жоққа шығармаймын. Дегенмен олардың бір-бірінің жұмысын қайталайды деп есептемеймін", – деп сөзін жалғастырды депутат.

Бұған дейін Айдос Сарым Қоғамдық палатаның отырыстарына министрлер мен әкімдердің шақырылатыны туралы және заң жобаларын талқылау қандай форматта өтетіні туралы айтып берген болатын.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.