Үкімет мүшелерінің, әкімдер мен депутаттардың жалақысын көтеруге 5 жылдық мораторий жарияланды

359

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында билік өкілдерінің жалақысын өсіруге 5 жылдық мораторий жарияланатынын айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Үкімет пен депутаттар, әкімдердің еңбекақылары, шығыс туралы баптар мәселесі өткен жылдың соңында талқыланды. Менің ойымша, олардың жалақысы жеткілікті. Сондықтан олардың жалақысын көтеруге 5 жыл мораторий жариялауға болады деп санаймын. Мен бұл депутаттар үшін жақсы жаңалық емес екенін түсінемін, бірақ сіздер мұны түсінеді деп ойлаймын. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттегілерге жалақыны мүмкіндігінше көтеруді жалғастырамыз", - деді Президент. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.