Қанат Мусин ҚР Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

494

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

ҚР Парламент Сенатының депутаттары Қанат Мусинді ҚР Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы шешімді қолдады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Сенат Бюросының қаулысына және Сенат Регламентінің 66-тармағына сәйкес Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті ҚР Президенті ұсынған ҚР Жоғарғы Сотының судьясы қызметінен босату туралы кандидатураны талқылап, қорытынды шығарды.

ҚР Конституциясының 55-бабының 1) тармақшасына және «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 34-бабының 3-тармағына сәйкес:

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына басқа қызметке тағайындалуына байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Қанат Сергеевич Мусинді қызметінен босату ұсынылады», - деді сенатор Владимир Волков Сенат отырысында.

Сенаторлар бұл шешімді қолдап дауыс берді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.