Қазақстанның жаңа бас прокуроры тағайындалды

328

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Парламент сенаты президентке Қазақстанның бас прокуроры лауазымына Берік Асыловты тағайындауға келісім берді, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Конституцияға сәйкес, президенттің бас прокурорды тағайындауына келісім беру сенаттың ерекше қарауына жатады.

"Мемлекет басшысы Қазақстан бас прокуроры қызметіне Берік Асыловты тағайындауға сенаттың келісім беруіне ұсыныс енгізді. Президент ұсынған кандидатураны қолдауды сұраймыз", - деді Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Ержан Жиенбаев.


Сенат депутаттары кандидатураны бірауыздан қолдап дауыс берді. Кейін тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды.


"Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының бас прокуроры лауазымына тағайындалсын", - делінген жарлық мәтінінде.

Берік Ноғайұлы 1991 жылдан бастап осы уақытқа дейін прокуратура органдарында қызмет атқарып келеді. Қазақстанның бірқатар өңірінде прокуратура органдарын басқарды.


2019 жылдың наурызынан бастап Қазақстан бас прокурорының бірінші орынбасары болды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.