Әкімдік қызметімнен шаршаған жоқпын - Алтай Көлгінов

475

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Елорда басшысы Алтай Көлгінов қаладағы өзекті мәселелерді шешуге әуде берді, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде журналист елорда әкіміне мынадай сұрақ қойды: 

“Нұр-Сұлтан тұрғындары алматылықтар секілді көп дүниелерге, оның ішінде өздерінің әкімдеріне сын айта бастады. Сіз 2019 жылы әкім болып сайланған едіңіз. Осыған орай сұрағым: Көлгінов мырза, сіз әкім болудан шаршаған жоқсыз ба?”, – деп сұрады журналист.

Өз кезегінде қала басшысы өз қызметінен шаршамағанын кесіп айтты. 

“Жоқ, мен әкімдік қызметімнен шаршаған жоқпын. Мен мемлекеттік қызметте жұмыс атқарамын деп мақтанышпен айта аламын. Қазір күн тәртібінде тұрған қаламыздағы мәселелерді шешу басты парызым деп есептеймін. Атап айтсам, мектеп, қолжетімді баспана, көпірлердің салу, азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешу, қоғамдық орындар мен қаланы көркейту тағысы тағы бар”, – деді Көлгінов. 

 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.