Назарбаевтың күйеу баласының орнына жаңа басшы тағайындалды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Бүгін Нұр-Сұлтанда ҚР Ұлттық баскетбол федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Конференция барысында барлық қатысушылардың бірауыздан шешімімен ҚР ҰФБ жаңа басшысы болып Алпамысов Абай Абдисаметұлы тағайындалды. Ол 2013-2017 жылдар аралығында федерация президенті қызметін атқарған.
Жиын барысында сөз алған ұйым басшысы өзіне көрсетілген сенім үшін алғысын білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдан бастап ағымдағы жылдың қаңтар айына дейін Ұлттық баскетбол федерациясының президенті қызметін Димаш Досанов атқарды.
Қаз
Рус






