Назарбаевтың күйеу баласының орнына жаңа басшы тағайындалды

419

Фото: Prosports.kz.Бүгін Нұр-Сұлтанда ҚР Ұлттық баскетбол федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Конференция барысында барлық қатысушылардың бірауыздан шешімімен ҚР ҰФБ жаңа басшысы болып Алпамысов Абай Абдисаметұлы тағайындалды. Ол 2013-2017 жылдар аралығында федерация президенті қызметін атқарған.
Жиын барысында сөз алған ұйым басшысы өзіне көрсетілген сенім үшін алғысын білдірді. 

"Қыркүйек айының соңына қарай біз кешенді бағдарлама әзірлейміз. Бағдарлама аясында аймақтардың, 3х3 командалардың және құраманың проблемаларын шешу жолдары және клубтарды қолдау мәселесі қамтылады. Біз жаңа векторды дамытып, отандық баскетболдың шетелдегі мүмкіндіктерін кеңейтуге тырысамыз. Бұл жолда жалғыз жүру мүмкін емес, сондықтан сіздердің қолдауларыңызға сенемін", - деді Абай Алпамысов.


Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдан бастап ағымдағы жылдың қаңтар айына дейін Ұлттық баскетбол федерациясының президенті қызметін Димаш Досанов атқарды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.