Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
«Ақорда» резиденциясында жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сенім грамоталарын Испания Корольдігінің елшісі Луис Франсиско Мартинес Монтес, Эстония Республикасының елшісі Яап Ора, Өзбекстан Республикасының елшісі Бахтиёр Ибрагимов, Судан Республикасының елшісі Мұхаммед әл-Газали Сиррадж, Руанда Республикасының елшісі Чарльз Кайонга, Доминикан Республикасының елшісі Алехандро Ариас Сарсуэла және Маврикий Республикасының елшісі Хесвар Джанке тапсырды.
Мемлекет басшысы дипломаттар алдында сөз сөйледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.