Өскемен қаласының әкімі кепілге алған әйелді босату үшін таңғаларлық қадамға барды

366

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Орталық коммуникация қызметіӨскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар кепілге алған әйелді босату үшін бопсалаушымен бетпе-бет сөйлесті.


Басылым мәліметінше, оқиға 18 мамыр күні 21.00-ден кейін Голованов көшесінде орын алған.
 Қолына балта алған ер адам өзінің әйелін кепілге алып, үйінен шықпай, билік өкілдерінің келуін талап етті. 


Оқиға орнына Өскемен қаласының әкімі барып, ғимаратқа кіріп, жұбайын жіберуін сұрады. 
Жақсылық Омардың сүйіктісін кепілге алған ер адаммен не туралы сөйлескені белгісіз, алайда келіншек үйден аман- есен шыққан. 


Осыдан кейін азамат балтасын терезеден лақтырып, қала басшысының соңынан шығып, үйді қоршауға алған тәртіп сақшыларына берілген. 


Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті бұл факт бойынша қалалық полиция бөліміне 18 мамырда хабарлама түскенін хабарлады. 


Онда ер адамның өзінің жұбайына физикалық зорлық-зомбылық көрсетемін деп қорқытқаны айтылды.


 Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары келіссөздер жүргізген. Біраз уақыттан кейін олар азаматты сыртқа шығарып, әйелді босатуға көндірді. 


Ведомство мәліметінше, келеңсіз оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. 
"Іс-шаралар барысында ер адам психологиялық-медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілді. Оның жүйке-психиатриялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды", - делінген хабарламада. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.