Қызылордада автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты

1 020

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда қаласына қарасты "Шымкент-Самара" тасжолында автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып, екі адам мерт болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға бүгін, 14 шілде сағат 7.00 шамасында Қызылорда қаласына қарасты Баймұрат ауылы аумағында болған.


«Шымкент-Самара» тасжолы бойында автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасы тіркелді.


Салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.


Автобустың бір жолаушысы медициналық мекемеде көз жұмды. Автобус жүргізушісі және 3 жолаушысы дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.


«Оның біреуіне алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.


Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.