Қызылордада заңсыз ойынхана бизнесін дөңгелеткендер ұсталды

1 119

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылордада пәтер ішінде заңсыз ойынхана ашқандар құрықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл мақсатта Қызылорда облысы прокуратурасы және Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тарапынан арнайы жедел шаралар жүргізілді. Нәтижесінде облыс орталығында жасырын түрде заңсыз құмар ойындары бойынша қызмет жасайтын екі ойынхана анықталды.


«Ұйымдастырушылар бұл мақсатта екі пәтерді жалға алған. Ол жерден полицейлер 400 мың теңгеден астам ақша және 15 компьютер тәркіледі. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 2-бөлігімен (Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеті басталды.

Қылмысқа күдікті Қызылорда қаласының екі тұрғыны ұсталып, олардың басқа да сыбайластары анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.


Еске салсақ, Қызылорда облысында «Қарасора-2023» іс-шарасы аясында есірткі өсірген 23 адам қолға түсті.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.