Қызылордада жаңадан салынып жатқан неке сарайы отқа оранды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қызылорда қаласында құрылыс аяқталмаған неке сарайы отқа оранды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қалада жаңадан бой көтеріп жатқан неке сарайының күмбезінен өрт шықты.
"Бүгін түскі сағат 12:24-те Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойында жаңадан салынып жатқан "Неке сарайы" ғимаратының шатыры жануда деп хабарлама түсті. Оқиға орнына 12 қызметкер, 3 бірлік техника шықты" - деп мәлімдеді Қызылорда қалалық төтенше жағдайлар басқармасының өкілі.
Қаз
Рус






