Кувейтте ауа температурасы 70 градусқа дейін көтеріліп, елдегі бағдаршамдар балқып кетті

278

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Шілде айында Кувейттегі сынап бағанасы көлеңкеде 53,3 градусқа жетсе, ал күннің көзінде 70 градусқа дейін көтерілген. Салдарынан елдің көшелеріндегі бағдаршам балқып түсіп, жеңіл көліктердің пластик бөліктері еріп кеткен. Al Rai басылымының хабарлауынша, Әмірліктегі бұл жаз соңғы 70 жылдағы ең ыстық мезгіл болып отыр. Аптап ыстыққа байланысты Кувейттің бірнеше аймағының билігі халықты электр қуатын үнемдеуге, сондай-ақ, үйлер мен кеңселердегі ескі кондиционерлерді ауыстыруға шақырды.  Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда аптап ыстықтан 30 жыл бұрынғы рекорд жаңарғанын жазған едік. Жаздың бірінші айында еліміздің батысы, сондай-ақ республиканың оңтүстік өңірлері субтропикалық ауа массаларының әсерінде болып, 46 градус ыстық тіркелген. Сонымен бірге, ғалымдар әлемді жайлаған аптап ыстыққа байланысты дабыл қаққан болатын. Айтуынша, әлемдік климат өзгерісіне антропогенді факторлар әсер етпегенде Батыс елдері ми қайнатар ыстықты көрмес еді. Ал енді мұндай жағдайлар жер бетінде жиілей түсуі әбден мүмкін екен. Маусым айы АҚШ тарихында да ең ыстық кезең болған. Салдарынан орман алқаптары отқа оранып, тұрғындар қуаңшылық зардабын тарта бастаған. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.