Қызылорда облысында 25 пәтерге түскен ұры ұсталды

2 622

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

 Фото: Ашық дерек көзіҚызылорда облысында полицейлер 25 мәрте пәтер ұрлығын жасаған ұрыны ұстады. Ол жәбірленушілерге 19 млн теңге материалдық шығын келтірген,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қызылорда облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде ұрлықты кәсіп еткен жігіт Жаңақорған ауданында қылмыс үстінде қолға түсті.



«Күдікті үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пластик терезелерді күштеп ашу арқылы үй ішіне заңсыз кірген. Ақша мен алтын бұйымдарды ұрлаған. Күдікті Түркістан облысы Қазығұрт ауданының 26 жастағы тұрғыны болып шықты», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Одан жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар мен өзге айғақ заттар дәлел ретінде алынған.


«Тергеу барысында аталған күдікті облыс аумағында 25 пәтерге ұрлыққа түскені белгілі болды. Жәбірленушілерге 19 млн теңге материалдық шығын келтірген. Күдіктінің облыс көлемінде жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Тергеп-тексеру әрекеттері жалғасуда. Күдікті қамауға алынды», - деп толықтырды департаменттен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысының тұрғынынан 7 млн теңге бопсалаған ұйымдасқан топ мүшелері ұсталды.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.