"Дәретханаға айналып барады": Алакөлде демалушылар дабыл қақты

528

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Алакөлдің Алматы облысы Көктума ауылы жағындағы жағалауда демалып жатқандар дабыл қағуда. Жұртшылық жағажайда дәретхананың жоқтығы көлдің былғануына әкеліп жатқанын айтады.

Демалушылардың дені жергілікті биліктен ең болмаса, биодәретхана қоюды сұрап отыр. Өйткені бірнеше минуттық жердегі демалыс орнына барудың орнына кейбірі суға дәрет сындыра салғанды жөн көретін көрінеді.


 "Алакөл ауданы әкімдігіне өтінішіміз бар. Дәретханаға қатысты мәселені шұғыл шешу керек. Ең болмаса, жазғы демалыс уақытына биодәретхана қоюға болатын шығар? Қоқыс жәшіктерін де көбейту керек. Адамдар ластап жатыр. Бұл санитарлық аумақ қой. Демалушылардың атынан осы мәселені шешулеріңізді сұраймыз", - дейді демалушылардың бірі.


 Ал бұған қатысты пікір білдірген Алакөл ауданының әкімдігі мыңдаған адам демалып жатқан Көктумада екі заманауи дәретхана барын, тиісті қаражат бөлінсе, қосымша тағы дәретхана қойылатынын жеткізді. 


"Көктума ауылында екі заманауи дәретхана орналастырылды. Біреуі көл жағасында, біреуі теміржол бойында. Қазір екеуі туристерге қызмет атқарып жатыр. Болашақта тағы да бюджеттік өтілім өтті. Енді тиіс қаражатының бөлінуін күтіп отырмыз", - дейді Ырғайты ауыл округі әкімі аппаратының бас маманы Мейрамбек Қабдікәрімов. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.