"Дәретханаға айналып барады": Алакөлде демалушылар дабыл қақты
500
Алакөлдің Алматы облысы Көктума ауылы жағындағы жағалауда демалып жатқандар дабыл қағуда. Жұртшылық жағажайда дәретхананың жоқтығы көлдің былғануына әкеліп жатқанын айтады.
Демалушылардың дені жергілікті биліктен ең болмаса, биодәретхана қоюды сұрап отыр. Өйткені бірнеше минуттық жердегі демалыс орнына барудың орнына кейбірі суға дәрет сындыра салғанды жөн көретін көрінеді.
"Алакөл ауданы әкімдігіне өтінішіміз бар. Дәретханаға қатысты мәселені шұғыл шешу керек. Ең болмаса, жазғы демалыс уақытына биодәретхана қоюға болатын шығар? Қоқыс жәшіктерін де көбейту керек. Адамдар ластап жатыр. Бұл санитарлық аумақ қой. Демалушылардың атынан осы мәселені шешулеріңізді сұраймыз", - дейді демалушылардың бірі.
Ал бұған қатысты пікір білдірген Алакөл ауданының әкімдігі мыңдаған адам демалып жатқан Көктумада екі заманауи дәретхана барын, тиісті қаражат бөлінсе, қосымша тағы дәретхана қойылатынын жеткізді.
"Көктума ауылында екі заманауи дәретхана орналастырылды. Біреуі көл жағасында, біреуі теміржол бойында. Қазір екеуі туристерге қызмет атқарып жатыр. Болашақта тағы да бюджеттік өтілім өтті. Енді тиіс қаражатының бөлінуін күтіп отырмыз", - дейді Ырғайты ауыл округі әкімі аппаратының бас маманы Мейрамбек Қабдікәрімов.