ҚЫЗЫЛОРДАДА 504 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Тәуелсіздік күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға жеті қабатты 84 пәтерлік 6 жаңа тұрғын үйдің кілтін табыстады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Рәсімге Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, жауапты сала басшылары, еңбек ардагерлері мен қала тұрғындары қатысты.
Аймақ басшысы жаңа пәтерге қоныстанушыларды құттықтап, өңірдің құрылыс саласының жетістіктеріне тоқталды.
Сыр өңірінде соңғы жылдары мақсатты бастамалар қолға алынып, ауқымды жобалар жүзеге асуда. Әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштерінде оң серпін сақталып, облыс республика бойынша алдыңғы қатарға тұрақтады. Екі жыл бұрын облыс бюджеті 364 млрд. теңге болса, бүгінде екі есе артып, 750 млрд. теңгеге жетті. Бұл ауқымды қаражат аймақтағы ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалуда.
Тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында 38 жоба қолға алынған. Бұл тозған электр желілерін 66 пайыздан 62 пайызға төмендетеді. Елді мекендерді газдандыру бойынша 30 млрд. 500 млн. теңгенің 20 жобасы іске асуда. Жыл соңына дейін өңірді газбен қамту көрсеткіші 78 пайызға жетеді. Тұрғындарды орталықтандырылған ауыз сумен қамтуға бағытталған 5 млрд. 300 млн. теңгенің 13 жобасы бар. Сондай-ақ, 43 млрд. 300 млн. теңгеге 300 шақырымнан астам автомобиль жолдары жөндеуден өтуде. Осылайша облыс аумағындағы жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайыздан аспақ.
Қаз
Рус






