ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

2 670

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігіОблыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге орай мәжіліс өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жиында Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы лауазымына тағайындалған Сыздықова Гүлмира Жамбылқызы таныстырылды. Осыған дейін департамент басшысы қызметін атқарып келген Жаңабергенова Динара Олжабайқызы ротация тәртібімен Батыс Қазақстан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы қызметіне ауысты.

Облыс әкімі Гүлмира Сыздықованың жаңа қызметіне  сәттілік тілеп, бірқатар міндет жүктеді.

«Жаңа басшыға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруды, жұқпалы аурулардың эпидахуалын тұрақты ұстауды, талаптардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Сонымен қатар, топтық уланудың алдын алу үшін өнімдер қауіпсіздігі мен ауыз су сапасын, білім беру, тәрбиелеу орындарындағы, әсіресе мектеп асханаларындағы гигиеналық, санитариялық талаптардың сақталуын бақылауды жүктеймін», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Сыздықова Гүлмира Жамбылқызы 1969 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қызылорда медициналық училищесінде

«Емдеу ісі», Қарағанды мемлекеттік медицина институтында «Медико- профилактикалық іс», «Тұран» университетінде «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1987 Қызылорда теміржол санитариялық-эпидемиологиялық станциясының маманы ретінде бастаған. 1995-1998 жылдары Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында дәрігер, 1999-2023 жылдары Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында түрлі лауазымды қызметтер атқарған. 2023 жылдан осы күнге дейін Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы қызметінде болған.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.