Қызылордада су үнемдеу арқылы күріш өнімділігі 30%-ға көтерілді

2 596

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Қызылорда облысы әкімдігіҚызылорда облысында көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға 40 млрд теңге жұмсалады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агеннттігі. 

Аймақта «ақ егіс» әлдақашан басталып кетті. Осы күнге дейін жоспарланған жоңышқа егістігінің 42%-ы, мақсарының 38%-ы, бидайдың 77%-ы, арпаның 25%-ы, және қант құмайы егістігінің 9%-ы егілді. Ал сәуір айының үшінші онкүндігінде күріш егу жұмысы басталады.

"Диқандар соңғы 10 жылдан бері 55 мың гектар күріш атызына лазерлік тегістеу жұмыстарын жүргізді. Осылайша суды үнемдеу арқылы өнімділік көрсеткішін 30%-ға дейін көтеруге болатынын дәлелдеді. Биыл оны 60 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр.", - деді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев. 

Өткен жылы өңірде ауыл шаруашылығы құрылымдары құны 8,8 млрд теңге болатын 250 техника сатып алды. Сондай-ақ машина-трактор паркі жаңартылды. 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.