Қызылордада су үнемдеу арқылы күріш өнімділігі 30%-ға көтерілді
Қызылорда облысында көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға 40 млрд теңге жұмсалады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агеннттігі.
Аймақта «ақ егіс» әлдақашан басталып кетті. Осы күнге дейін жоспарланған жоңышқа егістігінің 42%-ы, мақсарының 38%-ы, бидайдың 77%-ы, арпаның 25%-ы, және қант құмайы егістігінің 9%-ы егілді. Ал сәуір айының үшінші онкүндігінде күріш егу жұмысы басталады.
Өткен жылы өңірде ауыл шаруашылығы құрылымдары құны 8,8 млрд теңге болатын 250 техника сатып алды. Сондай-ақ машина-трактор паркі жаңартылды.
Қаз
Рус






