Қызылордадағы кәріз суы жиналатын станция тұрғын үйлерге тым жақын орналасқан

2 530

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: «AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық филиалыҚызылорда облысына жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаев бүгін Қызылорда қаласының Тасбөгет кентінде орналасқан модульді биологиялық тазарту станциясына барды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Партия филиалының баспасөз қызметі хабарлағандай, станция 43,5 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді. Тәулігіне 6,4 мың м³ кәріз суын қабылдайды. Аталған нысан 2013 жылы пайдалануға берілген, бүгінде тозу деңгейі 20%-ға жетті.

– Мәжіліс депутаты санитарлық нормалардың сақталуына мән берді. Талапқа сәйкес тазарту нысаны тұрғын аймақтан кемінде 500 метр қашықтықта орналасуы қажет. Алайда тұрғын үйлер 180 метрге дейін жақын орналасқан. Бұл да өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Жағымсыз иістің таралуын болдырмау мақсатында Титов шағын ауданына дейінгі аралықта 23 шақырым кәріз коллекторын салу көзделген. Бұл желіге Белкөл кенті мен Бәйтерек шағын аудандарының кәріз суы қосылады, – делінген хабарламада.

Жалпы құны 6,2 млрд теңге болатын жоба 2025-2026 жылдары жүзеге асырылады. Ол іске қосылса, Тасбөгеттегі станция жұмысын тоқтатып, барлық кәріз суы Қызылжарма ауылдық округіндегі қуаттылығы 70 мың текше метр биологиялық тазарту станциясына жиналады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.