Жалағашта ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланды

1 555

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігіБүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен кезекті мәжіліс өтті. Жиынға селекторлық режимде барлық ауылдық округ әкімдері қатысып, аудандағы әлеуметтік-экономикалық даму және инвестициялық ахуал мәселелері жан-жақты қаралды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мәжілістің күн тәртібінде ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, макроэкономикалық даму динамикасы, инвестиция тарту мүмкіндіктері, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы талқыланды. Әрбір округтің даму қарқынын арттыру, жергілікті ресурстарды тиімді пайдалану және тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында нақты шаралар қаралды.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов әрбір ауылдық округтің басшыларына нақты тапсырмалар беріп, мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша міндеттер жүктеді. Ол жергілікті әкімдіктерге аудан көлемінде экономикалық өсімді қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу және тұрғындарға сапалы қызмет көрсету бағытында жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды.

Жиын қорытындысында аудан әкімі ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты түрде бақыланып, мемлекеттік бағдарламалардың нақты нәтижеге жеткізілуі және инвестициялық жобалардың уақытылы іске асырылуы маңызды екенін атап өтті.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.