Еңбек заңнамасын бұзғандарға 9,5 млн теңге айыппұл салынған

2 622

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Өңірлік коммуникация қызметіӨткен жылы Қызылорда облысының мемлекеттік еңбек инспекторлары тексеру нәтижесінде 348 заңбұзушылықты анықтаған. Бұл туралы мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мәлімдеді,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

235 нұсқама берілсе, соның 212-сі немесе 90,2%-ы орындалған.

Еңбек заңнамасы талаптарын бұзғандарға қатысты 49 әкімшілік іс қозғалып, 2 ескерту берілді. 9,5 млн теңге айыппұл салынды. Оның 8,6 млн теңгесі бюджетке түсті, қалған бөлігі мерзіміне сәйкес өндіріліп жатыр, - деді департамент басшысы Бектемір Жұмағұлов.

Былтыр 517 жұмысшының бұзылған еңбек құқығы қалпына келтірілген. Жұмыс орнындағы 68 жазатайым оқиға тергеліп-тексеріліп, оның 39-ы еңбек қызметімен байланысты деп танылған.

Зардап шеккендер саны 57 болды, бұл 2024 жылғыдан 14%-ға көп. Есепті мерзімде мемлекеттік еңбек инспекторларының қарауына жеке және заңды тұлғалардан 2124 өтініш түсіп, заңдылықтарға сәйкес қаралды. Оның 551-і (25,9%) қанағаттандырылған, 473-і (22,2%) қарау реттілігімен басқа органға жолданса, 1100 (51,7%) өтінішке заңнама талаптарына сәйкес жауаптар берілген, - деді департамент басшысы.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.