Қызылордада дронның көмегімен жаяу жүргіншілерге айыппұл салынды

2 528

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

© Photo : Пресс-служба МВД РКҚызылорда қаласында дронның көмегімен жаяу жүргіншілерге айыппұл салына бастады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, тәртіп сақшылары қалада құқықбұзушылықтарды анықтау мақсатында дрондарды кеңінен қолдануға кіріскен. Заманауи техниканың көмегімен жол қозғалысы ережелерін бұзу, жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерден жолды кесіп өтуі, сондай-ақ өзге де құқықбұзушылықтар анықталып, тиісті заң аясында шаралар қабылданған. 

Жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау – баршамызға ортақ міндет. Жаяу жүргіншілер жолдан тек арнайы белгіленген жаяу жүргіншілер өткелдері арқылы өтуге тиіс", - дейді полицейлер.

Рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өткені үшін 2 АЕК (8 650 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Осы құқық бұзушылық бір жылдың ішінде қайталанса, айыппұлдың мөлшері 10 АЕК-ке (43 250 теңгеге) дейін артады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.