Қызылордада жер қойнауын заңсыз пайдалану тыйылмай тұр

2 513

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: © pixabayҚызылорда облыстық полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері жер қойнауын заңсыз пайдаланудың 3 дерегін анықтаған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі  департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құқықбұзушылықтар аудандар мен облыс орталығында тіркелген.

Құм, қиыршық тас, саз балшық, тағы басқа инертті материалдарды заңсыз өндіру және тасымалдау фактілеріне ерекше назар аударылды. Іс-шаралар барысында Қызылорда қаласының маңында қиыршық тас пен құмды заңсыз алып кетпек болған 2 жүк көлігі ұсталды. Аталған заңбұзушылықтар бойынша жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін облыстық экология департаменті мен көліктік бақылау инспекциясына жолданды, – делінген хабарламада.

Қызылорда полициясы азаматтарды жер қойнауын заңсыз пайдалану, оның ішінде инертті материалдарды заңсыз өндіру және әкету фактілері туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.