Қызылордада жер қойнауын заңсыз пайдалану тыйылмай тұр
Қызылорда облыстық полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері жер қойнауын заңсыз пайдаланудың 3 дерегін анықтаған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құқықбұзушылықтар аудандар мен облыс орталығында тіркелген.
Қызылорда полициясы азаматтарды жер қойнауын заңсыз пайдалану, оның ішінде инертті материалдарды заңсыз өндіру және әкету фактілері туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.
Қаз
Рус






