Қызылордада 43 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

1 596

Фото: canva.comБүгінгі күні соның 43 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Биыл Қызылорда облысындағы 60 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған. 

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, осылайша жоспардың 71,1%-ы орындалды. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылы 70 мың гектар жерді қайтару көзделіп, жыл соңында 77,5 мың гектар жер алынды. 2022-2024 жылдары қайтарылған 460,2 мың гектар жердің 93,6 мың гектары қайтадан айналымға енді.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, Қызылорда облысының жер көлемі – 24,1 млн гектар. Оның 2,9 млн гектары ауыл шаруашылығына арналған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.