Қызылордада тұқым өңдеу зауыты салынады
Қызылорда облысында құны 51 млрд теңге болатын жүгері мен сояны қайта өңдеу жобасы іске асырылып жатыр,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Жобаның бірінші кезеңін іске қосу 2026 жылға белгіленген. Осы кезең аясында 8,5 мың гектар суармалы жер айналымға енгізіліп, тұқым өңдеу зауыты салынады.
Болашақта жыл сайын 70 мың тонна жүгері және 20 мың тонна соя өңделеді деп жоспарланып отыр. Жобаны швейцариялық Harvest Agro компаниясы қолға алған.
Қазіргі таңда 6 мың гектар жердің жоспарлау жұмыстары аяқталған, тағы 8,5 мың гектар аумақта жерді тегістеу жұмыстары басталған. Өндірістік жұмыстарға 110 бірлік арнайы техника тартылған, 15 жаңбырлатып суару жүйесі орнатылып жатыр.







