Қызылордада бюджеттен 1 миллиард 70 миллион теңге жымқырған

3 139

Қызылордада бюджеттен ұрланған қаржы туралы тың деректер шықты,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қызылорда облысында аудандық білім бөлімінің басшысы мен бас экономист жалақы қорынан миллиард теңгеден астам қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталған еді. Оқиғадан соң 29 мектеп директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 


Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің басшысы Ернар Мақажанов ауданда бюджеттік өтінімдерді бекіту тәртібінен бастап, мұғалімдердің еңбекақысына дейін жүйелі сыбайлас жемқорлық жағдаяттары бар екенін айтты.

"Қаржыландыру жоспарлары қажетті есептеулер, растайтын құжаттар мен негіздемелер ескерілмей бекітілген. Нәтижесінде артық қаржыландыр анықталып отыр", - деді Ернар Мақажанов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен енгізілген ұсыныстар негізінде ведомстволық бақылаудың жоқтығы және қарамағындағы қызметкерлердің заң талаптарын бұзғаны үшін облыстағы білім беру ұйымдарының бірқатар лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

"Осы жағдай бойынша білім беру ұйымдары басшыларының лауазымдық бағыныштылығына және жауапкершілігіне қарай 29 мектеп директорына тәртіптік жаза қолданылып, Жаңақорған ауданында тағы 7 мектеп директоры қызметінен босатылды", - деді облыстық білім басқармасының басшысы. кафедрасы, Асқарбек Есжанов.


Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған жиында (ағымдағы жылдың 27 наурызында) аудандық білім бөлімінің басшысы мен бас экономист жалпы сомасы 1 млрд. бюджет қаражатын ұрлады деген күдікті ретінде танылып, қамауға алынғанын мәлімдеген еді.


Алайда кейінірек отырыс барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің облыстық департаментінің қызметкерлері көрсетілген соманың бюджетті қалыптастыру кезінде негізсіз бөлінген қаржы екенін түсіндірді. Жалпы, күдіктілер 1 миллиард 70 миллион теңгені жымқырған. Іс бойынша 26 адам күдікті деп танылып, сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотта қаралуда.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.