Қызылордада полицей екі жасөспірімді өрттен құтқарды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Сағат шамамен 10:30–да Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққан,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жалын төртінші қабаттағы пәтердің балконынан тараған. Жағдай күрделі еді. Сол маңнан өтіп бара жатқан полиция қызметкері Нұржан Нағашыбай дереу жағдайды бағалап, еш ойланбастан өрт ошағына қарай бет алған.
Төтенше қызметтердің келуін күтпей-ақ ол түтінге толы пәтерге кіріп, өртті сөндіруге кіріскен.![]()
Кейін оқиға орнына қосымша күштер мен төтенше қызметтер келіп, жағдай толық бақылауға алынған.
Қаз
Рус






