Қызылордада полицей екі жасөспірімді өрттен құтқарды

2 557

Фото: Polisia.kzСағат шамамен 10:30–да Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққан,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі  ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалын төртінші қабаттағы пәтердің балконынан тараған. Жағдай күрделі еді. Сол маңнан өтіп бара жатқан полиция қызметкері Нұржан Нағашыбай дереу жағдайды бағалап, еш ойланбастан өрт ошағына қарай бет алған.

Төтенше қызметтердің келуін күтпей-ақ ол түтінге толы пәтерге кіріп, өртті сөндіруге кіріскен.Фото: Polisia.kz

Пәтер ішінде ұйықтап жатқан екі бала болған. Полицей оларды оятып, қауіпті аймақтан алып шығып, тілсіз жаудан аман алып қалды. Оның батыл әрі жанқиярлық әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алды алынып, балалар құтқарылды, — делінген хабарламада.

Кейін оқиға орнына қосымша күштер мен төтенше қызметтер келіп, жағдай толық бақылауға алынған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.