Қызылорда облысында мектеп директорлары 50-ден астам мұғалімді конкурссыз қабылдаған

2 872

Фото: ашық дерек көзіҚызылорда облысында мектеп директорлары босаған орынға конкурссыз 50-ден астам мұғалімді қабылдаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қызылорда облыстық прокуратурасы осы бағытта тексеру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі ережелерінің көптеген бұзушылықтарын, мұғалімдерді конкурссыз жұмысқа қабылдау бойынша көптеген кемшіліктерін анықтаған. 



«Қазалы ауданындағы 3 мектептің асханасында оқушыларға мерзімі өтіп кеткен сүт өнімдері берілген. Қызылорда қаласында бес мектепте медицина қызметкерлерінің өз мамандығы бойынша сертификаттары болмаған. Қала, аудан мектептерінде мұғалімдер жалған дипломмен жұмыс істеген. Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық прокуратурасынан.

Сонымен қатар, мектеп директорлары босаған жұмыс орнына конкурс жарияламай 50-ден астам мұғалімді қабылдаған.


Ал Жалағаш ауданында және облыс орталығындағы мектептердің ғимараттарына бөтен адамдардың кіріп шығу жағдайына эксперимент жасалған. Нәтижесінде ғимаратқа көптеген тыйым салынған құралдармен еркін кіріп-шығуға болатыны анықталған.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.