Әйелімен ерегіскен қызылордалық өзін-өзі өртеп жіберді

913

Қызылордада сүйіктісімен жанжалдасып қалған ер адам өзін-өзі өртеп жіберді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Оқиға 30 шілде күні қалаға қарасты Тасбөгет кентінде болған. 37 жастағы ер адам сүйіктісімен жанжалдасып, өзіне бензин құйып өртеп жіберген.


"Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін денесін термиялық күйік шалған зардап шегуші көпсалалы облыстық ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясы.


Көпсалалы облыстық аурухана жеке деректерді қорғау туралы заңына сүйеніп, науқастың жағдайына қатысты пікір білдіруден бас тартты.


Қызылорда облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты былай түсініктеме берді:

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.