500-ден астам мал арам өлген Арал ауданында төтенше жағдай жарияланды

275

Фото: видеодан скриншотҚызылорда облысы Арал ауданында төтенше жағдай жарияланды. Ол жерде төрт түлік көтерем боп, 500-ден астамы арам өлген. Олардан сынама алған мамандар малдың аурудан емес, аштықтан қырылғанын растап отыр.


"Мал ішетін құдықтардан және қосымша көлдерден сынамалар алынды. Одан бөлек, өлген жылқылардан және мүйізді ірі қарадан сынама алынды. Облыстық ветеренариялық зертханаға тапсырылды. Нәтижесінде теріс нәтиже көрсетті. Яғни эпизотиялық ахуал тұрақты. Ауру жоқ. Қуаңшылыққа байланысты, соңғы жылдары жауын-шашын, қыс қарсыз болуына байланысты мал қысқа өте күйсіз түскен. Соның есебінен болып отыр", - дейді облыстық ветеринария басқармасының басшысы.


 Одан бөлек, өңірде жем-шөп бағасы да қымбаттап кеткен.


 "Қазір жоңышқа қымбаттап жатыр. 600-700 ден жоңышқа табылмай отыр. Келесі орым 800 дейді. 3-ші орымда бізге берсе 1000-1100 болады. Аралдың өзінде қазір 1200-1400 болып тұр. Биыл мал қатты ауырып жатыр, өліп жатыр. Қыста біраз шығынға ұшырадық. Қазір тағы шығынға ұшырап жатырмыз", - дейді шаруашылық иесі Нұрлан Биманов. 
Арал ауданы бойынша төтенше жағдай жарияланғанымен, мамандар мал шығыны өтелмейді дейді. 


Ал арнайы бөлінген қаржы бірінші кезекте, төрт түліктің жем-шөп тасымалына қажетті жанар- жағармайға жұмсалмақ және жайылымдарда бітелген суаттардың көзін ашу жұмыстары қолға алынбақ.