Қызылордада заманауи жиһаз фабрикасы ашылды

2 532

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігіОблыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевтің қатысуымен «Панабек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заманауи жиһаз фабрикасының ашылу рәсімі өтті. Оған ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«Панабек» ЖШС жиһаз өндірісі саласында 20 жылдан астам уақыттан бері табысты жұмыс істеп келеді. Жоғары сапалы өнімдерімен өңір тұрғындарының сеніміне ие болып, экономиканың дамуына тұрақты үлес қосуда.

Өндіріс қуатын арттыру мақсатында өңірлік инвестициялық орталық арқылы 59 млн теңге жеңілдетілген несие иеленген. Қала аумағынан 1 гектар жер телімін сатып алып, өндіріс процесі толықтай автоматтандырылды. Қазіргі таңда фабрикада жылына 35 мыңға дейін кеңсе, асхана жиһаздары, мектеп парталары , т.б жасалады. Өнімдері тұрғындар арасында жоғары сұранысқа ие. Биыл «Панабек» ЖШС «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауында «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігіСонымен қатар, «Келешек мектептері» ұлттық жобасымен салынған 5 мектепті сапалы жиһазбен қамтамасыз етті.

Жаңа кәсіпорының іске қосылуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына, отандық өнім көлемінің артуына, шағын және орта бизнестің дамуына оң әсерін тигізеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.