ҚЫЗЫЛОРДАДА «КҮЛГЕНІ ҮШІН» АЙЫППҰЛ САЛЫНБАҚ БОЛДЫ МА?

2 525

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ЖИ арқылы жасалды Әлеуметтік желіде Қызылорда қаласында полиция қызметкерлері азаматшаны күлгені үшін жауапкершілікке тартпақ болғаны туралы бейнежазба тарады. Жазба көпшіліктің назарын аударып, қызу талқыға түсті. Алайда полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі. 

 

 Полицияның мәліметінше, оқиға түнгі сағат 1 шамасында болған.

- Қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері терезесі ашық тұрған көлікке назар аударған. Көліктің ішінде музыка қатты ойнап, ондағы қыздар дауыстап айғайлаған. Осылайша түнгі уақытта тыныштық сақтамаған. Полиция қызметкерлері автокөлікке жақындап, құжаттарды тексеріп, жүргізушіге өздерінің не себепті келгенін сабырмен түсіндірген. Қызметкерлер ауызша ескертумен шектеліп, кейін тұрғынды жіберген. Оған ешқандай айыппұл салынған жоқ және әкімшілік жауапкершілікке тартылмады. Соған қарамастан азамат полиция қызметкерлерімен сөйлесу барысында эмоцияға беріліп, даусын көтерген және болған жағдайды бейнетаспаға түсірген. Кейін оқиғаны әлеуметтік желіде бұрмалап жариялаған, - делінген хабарламада. 


 Оқиғаның мән-жайы полиция қызметкерлерінің жетонына жазылған. Департамент бейнежазба тексеріліп, полиция қызметкерлерінің әрекетінен заңбұзушылық анықталмағанын атап өтті.

     

 Алайда бұл мәлімдемемен азаматшаның өзі келіспейді. Оның айтуынша, бейнежазбаны қоспай тұрып полиция қызметкерлері оған айыппұл салуға оқталған. Ал телефон камерасы қосылғаннан кейін жағдайдың бағыты өзгерген. Азаматша полиция қызметкерлері бастапқыда «айыппұл саламыз» дегенін, ал видеоға түсіре бастағаннан кейін айыппұл салу туралы сөзден бас тартқанын жеткізді.



 Осы тұста әлеуметтік желідегі даудың негізгі сұрағы да туындайды: полиция айтқандай, бар болғаны ауызша ескерту жасалды ма, әлде камера қосылғаннан кейін ғана жағдай өзгерді ме?

 Бір тарап «заңбұзушылық болған жоқ» десе, екінші тарап оқиғаның полиция мәлімдемесінде айтылғандай болмағанын алға тартып отыр.

 Қазір жұрттың назарын аударған бейнежазба төңірегіндегі мәселе бір ғана сұраққа келіп тіреледі: камера қосылмағанда оқиға немен аяқталар еді?

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.