Қызылордада су лимитін бұзған шаруаларға 17 млн теңге айыппұл салынды

2 507

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: «Қазсушар» РМКҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен су жеткізіп беру қызметін цифрландыру бағытында биыл «Биллинг» жүйесі іске қосылды. Жүйе аясында Қызылорда облысының аумағындағы тұтынушылар түгел электронды келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының мәліметінше, Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы биылғы суару науқанында тұрақты суару үшін 3,25 млрд текше метр су пайдалану лимитін белгіледі.

— Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының индикативті жоспарына сәйкес 185,8 мың гектар егіс алқабын орналастыру межеленсе, оның 70 мың гектары — күріш. Индикативті жоспар мен лимит негізінде электронды жүйе арқылы 121,2 мың гектар егіс алқабы бойынша 1053 тұтынушымен келісімшарт жасалды. Суару науқаны басталғаннан бері Сырдария өзенінен 3,29 млрд текше метр су алынды. Тұтынушыларға 2,49 млрд текше метр су жеткізілді. Осылайша лимит толық орындалды, — деді филиал директорының орынбасары Айдос Асанбаев.

Мамандардың айтуынша, Сырдария өзенінде су деңгейінің жоғары болуынан су тапшылығы туындаған жоқ. Күріш толық суға бастырылып болғанша судың қара нарығындағы жағдай да қатаң бақылауда болды.

— Дегенмен, 5 шаруа қожалығының келісімшарттан тыс 134 гектар жерге күріш еккені анықталды. Қағидаға сәйкес екі еселенген ақы төлеу шарасы қабылданды. Атап айтқанда, 16,9 млн теңге төлеу міндеттеліп, оның 14,6 млн теңгесі немесе 86%-ы өндірілді. Бүгінгі күні келесі жылғы суару науқанына дайындық қызу. Аяқталмай қалған инвестициялық жобалар, ағымдағы жөндеу, механикалық тазарту жұмысы жалғасып жатыр. Оның ішінде каналдар бөгеліп, кептіріледі. Республикалық меншіктегі су шаруашылығы нысандарының ақауын анықтау бағытында визуалды тексеру басталды, — деді Айдос Асанбаев.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.