Қызылордада жалған нөмір тағып, мас күйінде көлік жүргізген азамат ұсталды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қызылорда облысының Арал ауданында жалған нөмірмен көлік жүргізген мас жүргізуші анықталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Түнгі рейд кезінде патрульдік полиция қызметкерлері күдік тудырған ВАЗ көлігін тоқтатқан. 32 жастағы жергілікті тұрғынның мас күйінде көлік басқарғаны және көлігіне жалған нөмір таққаны белгілі болды.
Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылды. Көлік айып тұрағына қойылды.
Қаз
Рус






