Қызылордада жалған нөмір тағып, мас күйінде көлік жүргізген азамат ұсталды

2 506

Фото: Opennews.kz ЖИҚызылорда облысының Арал ауданында жалған нөмірмен көлік жүргізген мас жүргізуші анықталды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Түнгі рейд кезінде патрульдік полиция қызметкерлері күдік тудырған ВАЗ көлігін тоқтатқан. 32 жастағы жергілікті тұрғынның мас күйінде көлік басқарғаны және көлігіне жалған нөмір таққаны белгілі болды.

Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылды. Көлік айып тұрағына қойылды. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.